23 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №225 

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы 15 сәуір, Астана, Үкімет Үйі «Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы №486 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №3, 311-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесі мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Крахмалдық сірне өндіруге арналған жүгері.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ